Әлем
1 мин оқу 180

Еуропадағы газ құны рекордтық деңгейге жетті

<p style="text-align: justify;">Еуропадағы газ бағасы тағы бір рекорд орнатты. Мың текше метр үшін газдың құны 800 доллардан асты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://www.theice.com/products/27996665/Dutch-TTF-Gas-Futures/data?marketId=5285052" target="_blank" rel="noopener noreferrer">The ICE</a> биржасына сілтеме жасап.</p>

ICE биржасының мәліметтеріне сәйкес, Нидерландыдағы TTF хабындағы қазан фьючерстерінің құны мың текше метр үшін 801,2 долларға жетті.

Сарапшылардың пікірінше, бағаның өсуіне бірнеше себеп бар, солардың ішінде пандемиядан кейін жаһандық сұраныстың жандануы мен осы жылғы қыстағы күрт салқындау.

Мамандар алдағы қыс суық болса, газдың мың долларға дейін шарықтап кетуі мүмкін екенін де жоққа шығармайды.

Бөлісу:
Еуропадағы газ құны рекордтық деңгейге жетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар