Оқиға
1 мин оқу 352

Зейнеткерді қағып, қашып кеткен

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">&laquo;Жезқазған &ndash; Сәтбаев&raquo; тас жолында жеңіл көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде егде әйелді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Көп ұзамай полиция қызметкерлері 21 жастағы көлік иесін ұстады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Көлік оқиғасы 12 қыркүйекте Жезқазған қаласында болған. Оқиға салдарынан зейнеткер Жезқазған қаласының медициналық мекемесінде көз жұмды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді.

Куәгерлер жүргізуші қара түсті ВАЗ-21099 автокөлігінде болғанын айтты. «Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 21 жастағы ер адам күдікті ретінде ұсталды. Ол кінәсін толық мойындады. Ұсталған азаматтың автокөлігі тәркіленді.

ҚР ҚК-нің 345-бабы «Жол қозғалысы ережелерін бұзу» және ҚР ҚК-нің 347-бабы «Жол-көлік оқиғасы болған жерден кету» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті УҰИ-на орналастырылды», деп хабарлады Қарағанды облысының ПД.

Бөлісу:
Зейнеткерді қағып, қашып кеткен · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар