Ел аумағынан 18 мыңнан астам адам кетті
<p style="text-align: justify;">Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қаңтар-шілде айларында елге 5 409 адам келсе, елден кеткендер саны 18 198 адамды құрады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттері арасында жүріп жатыр. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 84,3%-ды, көшіп кеткендердің үлесі жалпы көшіп-қонушылар санының 85,4%-ын құрады.
«2020 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда Республика шегінде көшіп-қонушылардың саны 10,6%-ға артты», деп атап өтті Ұлттық статистика бюросы.
Өңіраралық орын ауыстырулар бойынша халықтың көші-қонының оң сальдосы елдің 4 өңірінде қалыптасты: Алматы (16 902 адам), Нұр-Сұлтан (14 222 адам), Шымкент (8 965 адам) қалаларында және Маңғыстау облысында (310 адам).