Қоғам
1 мин оқу 141

12,5 мың адам қандас мәртебесін алды

<p style="text-align: justify;">Биылғы 1 қыркүйектегі жағдай бо&shy;йынша 12 501 адам тарихи отаны&shy;мен табысып, қандас мәртебесін ал&shy;д&shy;ы. Жалпы, 1991 жылдан бері рес&shy;публикаға 1 млн 82,8 мың этностық қазақ оралды.</p>

12,5 мың адам қандас мәртебесін алды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы жылдың басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (76,0%) Өзбекстаннан, 9,8%-ы – Қытайдан, 6,8%-ы – Түрікменстаннан, 2,5%-ы – Моң­ғолиядан және 4,9% басқа елдерден екен.

Келген этностық қазақтар негізінен Алматы (28,4%), Маңғыстау (19,5%), Түркістан (13,8%) және Жамбыл (8,2%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (10,4%) қаласына қоныстанды.

Осы жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бо­йынша еңбекке қабілетті жастағы этностық қоныс аударушылар саны 55,2%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 27,1%-ды және зейнеткерлер 17,6%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандас­тардың ішінен білім деңгейі бойынша 11%-ы жоғары білімді, 39,4%-ы орта кәсіби білімді, 45,7%-ы жалпы орта білімді және 3,9%-ның білімі жоқ.

«Егемен-ақпарат»

Бөлісу:
12,5 мың адам қандас мәртебесін алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар