Аймақтар
1 мин оқу 1,316

Алыстан келген ағайын

<p style="text-align: justify;">Қазақ &laquo;Елге ел қосылса &ndash; құт&raquo; дей&shy;ді. Тағдырдың жазуымен әлемнің әр бұрышына тарыдай шашырап кет&shy;кен алыстағы ағайынның тарихи Отанына оралғанынан артық қуаныш бар ма?</p>

Алыстан келген ағайын

Мұнайлы өңірге биылғы жеті айда жат жерде ұрпақ өрбітіп, ата дәстүрін берік ұстанған 123 отбасы оралды. Осылайша, ата-бабасының тамыры жайылған атажұртының бір уыс топырағын аңсап жеткен 182 қандастың көңілі бір демделді.

– Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатымен келген этностық қазақтар қандас мәртебесін алды. Оның ішінде Өзбекстан Республикасынан 114 отбасы (171 адам), Қытай Халық Республикасынан 7 отбасы (9 адам) және Ресей Федерациясынан 2 отбасы (2 адам) бар. Атырау қаласына 100 отбасы (147 адам), Жылыой ауданына 20 отбасы (32 адам), ал Мақат ауданына 3 отбасы (3 адам) қоныстануды ұйғарды, – деп хабарлады облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары.

Атырау облысы

Бөлісу:
Алыстан келген ағайын · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар