Аймақтар
1 мин оқу 180

Есіркеевті еске түсірген көрме

<p style="text-align: justify;">Қарағандылық қылқалам шебері, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері Райымқұл Есіркеевтің 100 жылдығына арналған көрме кеншілер қаласындағы облыстық бейнелеу өнері мұражайында ұйымдастырылды.</p>

Есіркеевті еске түсірген көрме

Өзінің шығармашылығына еңбек адамына деген ізет пен құрметті арқау еткен суретшінің 50-ге жуық туындысы келушілер назарына ұсынылды. Оның ішінде 20 картинаны шебердің ұлы Мейрам әкесінің шеберханасынан әкелген екен.

Өлкетанушы Тұңғышбай Мұқан бұл көр­менің қылқалам шеберінің шығар­машылығын лайықты түрде бағалауға жа­салған қадам екенін айтады.

– Суретшінің таланты өлген жоқ, ол әкесінен ұлдары мен немерелеріне беріліп, олардың шығармаларында өмір сүріп жатыр. Есіркеевтер отбасы – шығармашылық әулет, – дейді ол.

Суретшінің немересі Әмен Есіркеев іс-шара барысында атасы туралы қызғылықты естеліктер айтты.

– Атам негізінен портрет жанрында және реализм стилінде сурет салған. Әдет­те, ол натураға қарап отырып, бейнені қағаз бетіне түсіреді екен. Ол үшін кейіп­керлеріне ұқсас адамдарды іздеген. Мы­салы, Әлия Молдағұлованың портретін сал­ғанда, оған ұқсас қызды тауып, ағаштан қару жасаған, ал әжеме кейіпкеріне арнап киім тіккізген. Осылайша батыр қыздың образы жасалған, – деп сыр ақтарады ол.

Ал суретшінің ұлы Мейрам Есіркеевтің шеберханасында әкесінің 50-ге тарта туын­дысы сақталыпты. Олардың ішінде аяқ­талмаған картиналар мен эскиздер де бар екен. Еске салсақ, Райымқұл Есіркеев – пей­заж және портрет жанрында еңбек ет­кен суретші-кескіндемеші, Қазақстан Сурет­шілер одағының Қарағанды облыстық бөлімшесін құрушылардың бірі.

ҚАРАҒАНДЫ

Бөлісу: