Қоғам
2 мин оқу 1,376

Қазақстан – антиядролық қозғалыстың көшбасшысы

<p style="text-align: justify;">Биыл &laquo;Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы&raquo; Жарлыққа қол қойыл&shy;ғанына 30 жыл толды. Осыған орай Алматыда Мәдениет және спорт министр&shy;лігінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві бастамашы болып, &laquo;Қазақстан &ndash; Халықаралық антиядролық қозғалыстың көшбасшысы&raquo; тақырыбында дөңгелек үстел өтті.</p>

Қазақстан – антиядролық қозғалыстың көшбасшысы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» ма­қа­ласында: «1991 жылы Семей полигоны жабылды. Оның еліміз ғана емес, барша адам­заттың болашағы үшін айрық­ша маңызды шешім екенін ескеріп, арнайы іс-шара өткізу қажет деп санаймын. Елбасы қол қойған Жарлықтың арқа­сында Қазақстан бүкіл дүние жүзіне ядро­лық қару-жараққа қарсы әлемдік қозға­лыс­тың көшбасшысы болып таныл­ды, алып мемлекеттердің сеніміне ие болды, халық­аралық қоғамдастықта жауапкершілігі жоғары ел ретінде мойындалды», деген болатын.

Бүгінде Қазақстан ядролық қарудан батыл түрде бас тартқан ел ретінде, өзі­нің дәйекті антиядролық бастамаларымен бүкіл әлемге танымал. Осы бастамалар негізінде 2015 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы ядролық қарудан азат әлем құрудың Жалпыға ортақ деклара­циясын қабылдады. Қазақстанның ұсынысы бойынша БҰҰ 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні деп жариялады.

Дөңгелек үстел аясында архив құ­жат­­тарында Қазақстандағы антиядро­лық қозғалыстың құрылуы мен жеткен жетістік­терінің тарихы, қазіргі уақытта анти­ядролық қозғалыстың өзектілігі, анти­ядролық қозғалыстың дамуына елеулі үлес қосқан тұлғалар туралы баяндамалар жасалды.

– Бұл күн тек қазақстандықтар үшін ғана емес, сонымен қатар біздің планетамыз­дың барлық тұрғындары үшін де маңызды ­және айтулы күнге айналды. Қазақстандағы Семей полигоны жабылғаннан кейін әлем­­дегі төрт ірі: Новая Земля (Ресей), Невада (АҚШ), Мораруа (Франция), Лоб­нор (Қытай) полигондарында ядро­лық қаруды сынауға мораторий жариялан­ған болатын. Бұл мәселеде көрнекті ақын, белгілі қоғам қайраткері Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілі Олжас Сүлейменов жетекшілік ете­тін «Невада-Семей» халықаралық анти­ядро­лық қозғалысы ерекше рөл атқар­ғанын айта кетуіміз керек. Сол кісінің беде­лі­нің арқасында қозғалыс Қазақстанда ғана емес, елімізден тысқары жерлерде де қол­дау тапты. ЮНЕСКО шешімі бойын­ша қоз­ғалыс «Әлем туралы естелік» дүние­жүзі­лік тізіліміне енгізілді, – дейді архив директоры Баян Жұматаева.

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Қазақстан – антиядролық қозғалыстың көшбасшысы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар