Сегізінші қабаттан екі жасар қыз құлады
<p style="text-align: justify;">Шымкенттегі жазатайым оқиға екі жасар қыздың өмірін қиды. Бала сегізінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Шымкент қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Құтқарушылардың ақпараты бойынша, көп қабатты үйдің сегізінші қабатының терезесінен баланың құлағаны туралы ақпарат келіп түсті.
Қайғылы оқиға Қаратау ауданының «Нұрсат» шағын ауданында болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, ата-анасының қарауынсыз қалған 2019 жылы туған қыз терезеден абайсызда құлап кеткен. Бала оқиға орнында қайтыс болды.
Құтқарушылар ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.
Жыл басынан бері Шымкент аумағында балалардың терезеден құлауының алты жағдайы тіркелді. Үш жағдайда балалар қайтыс болса, қалған үшеуінде жарақат алды.