Әлем
1 мин оқу 202

ЕО Талибанмен келіссөз жүргізуге дайын

<p style="text-align: justify;">Еуропалық Одақ белгілі бір жағдайларда &laquo;Талибанмен&raquo; келіссөз жүргізуге дайын. Бұл туралы еуропалық дипломатияның басшысы Хосеп Боррелл Еуропарламентте мәлімдеді. Ол Ауғанстанға көмек көрсету қажеттігін айтты, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Азық-түлік бағасы өсуде. Қаржы жүйесі құлдырауда. Еуропалық комиссия біздің көмегімізді төрт есе - 50-ден 200 миллион еуроға дейін көбейтуге шешім қабылдады. Бірақ бұл тіпті теңізге тамған тамшы ғана. Оқиғаларға әсер ету мүмкіндігіне ие болу үшін Талибанмен қарым-қатынас жасауға мәжбүрміз. Басқа таңдау жоқ. Бұл оларды мойындағанымызды білдірмейді, мүлде олай емес. Бұл, мүмкіндігінше келіссөз, талқылау, келісім жүргізу ғана», деді ол.

Бұған дейін БҰҰ өкілдері Ауғанстанда азық-түлік пен басқа да қажетті заттардың таусылып бара жатқанын айтқан болатын. Олар халықаралық қауымдастықтан  ашаршылықтың алдын алу үшін елге гуманитарлық көмек жіберуді сұрады.

Бөлісу: