Зарина Диас WTA турнирінде Олимпиада чемпионымен кездеседі
<p style="text-align: justify;">Бұл күндері қарт құрлықтың бірқатар қалаларында теннисшілердің аса ірі халықаралық жарыстары өтіп жатыр. Бұл бәсекелерде Қазақстанның да өкілдері өнер көрсетуде, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Соңғы кездері жиі сүрініп жүрген Зарина Диас Люксембургте жүлде қоры 189 708 евроны құрайтын WTA турнирінде бақ сынауда. Тұсаукесер кездесуін Словакияның сұлуы Анна Шмидловаға қарсы өткізген ол 6:0, 1:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Бұл матч 2 сағат 11 минутқа созылды.
Екінші айналымда Диас Белинда Бенчичпен кездеседі. Қазіргі кезде әлемдік рейтингте 11-орында тұрған 24 жастағы Швейцарияның теннисшісі биыл Токиода алауы тұтанған Олимпия ойындарының жеңімпазы атанды. Сондай-ақ ол 2019 жылы АҚШ-тың ашық біріншілігінің жартылай финалдық межесіне дейін жетті.
Еліміздің екінші ракеткасы Юлия Путинцева Словенияның Портороже қаласындағы турнирдің алғашқы кезеңінде франциялық Жаклин Кристианды қапы қалдырды – 6:4, 6:4. Енді ол ұлыбританиялық Кэти Бултермен шеберлік байқасады.