Қазақстан
1 мин оқу 310

Онлайн санақ деректері қорғалады - Статистика бюросы

<p style="text-align: justify;">ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов Президент жанындағы ОКҚ-да санақ барысы туралы айтты, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p> <p>&nbsp;</p>

«Санақ өткізу кезіндегі басты мәселелердің бірі – азаматтардың жеке деректерінің қауіпсіздігі. Азаматтардан алынатын барлық ақпарат қорғалған байланыс арналары арқылы бюроның орталық серверіне беріледі. Мұнда барлық деректер криптографиялық қорғау құралдарымен қорғалған», деді Айдапкелов.

Сондай-ақ «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ sanaq.gov.kz порталына тәулік бойы мониторинг жүргізеді және хакерлік шабуылдардың алдын алу қамтамасыз етеді.

Ұлттық стастистика бюросының басшысы PlayMarket сервисінде Аndroid құрылғыларына арналған «Онлайн халық санағы-2021» қосымшасы пайда болғанын және оның ұлттық санаққа еш қатысы жоқ екенін айтып, азаматтарды сенбеуге шақырды. Бүгінгі таңда қосымша сервистен өшірілген.

Бөлісу: