Ауа райы
1 мин оқу 160

Бес өңірде күн бұзылуы мүмкін

<p style="text-align: justify;">Қазгидромет ауа райы болжамына байланысты бес өңірде дауылды ескерту жриялады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с соғады.

Қарағанды облысының оңтүстік-батысынан жел соғады. Күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының солтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысының орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады деп болжанды. Төтенше өрт қаупі бар.

Ақтөбе облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында, шығысында екпіні 15-20 м/с жел күтіледі.

Бөлісу:
Бес өңірде күн бұзылуы мүмкін · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар