Аймақтар
1 мин оқу 384

Су тұщыту зауытының құрылысы басталады

<p style="text-align: justify;">Маңғыстауда ауыз су мәселесі жылдар бойы өзекті күйінде қалып келеді, тіпті тұрғындар саны артқан сайын мәселе қордалана түсті деуге болады. Мәселені&nbsp; шұғыл шешу қажеттігі күн тәртібіне шыққалы аз болған жоқ.</p>

Су тұщыту зауытының құрылысы басталады

Облыс әкі­мі Нұрлан Ноғаев аппараттық жиын барысында халықты ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету­ге бағытталған жобаларды іске асыруды жеделдетуді тапсырды.

Ол Мемлекет бас­шысының Жол­дауында айтыл­ған өзек­ті мәсе­лелердің бірі елді мекен­дерді ауыз сумен қам­тамасыз ету екенін атап өтті.

– Облыста аймақты сумен қам­туға бағытталған бағдарла­ма бар, алайда біз оның нәтиже­сін күтіп отыра бермей, өзекті мәселелерді шешудің қосымша жолдарын іздеуіміз керек. Бізге Ақтау қаласының аумағынан су тұшытатын зауыт құрылысына өз қаражатын салуға дайын инвесторлар хабарласты. Біз мұндай бастамаларды толық қолдаймыз, – деді облыс әкімі.

Жаңа зауыттың жоспар­лан­ған қуаты 20 мың текше метрден астам. Облыс әкімі келер жылдың жазында алғашқы кезеңі аяқталатын зауыт құрылысын Ақтау қала­сының әкімі Н.Қилыбайға жеке бақылауына алуды тапсыр­ды. Бірінші кезеңінде тәулі­гі­не 5 мың текше метр су тұшы­тылмақ.

Бөлісу:
Су тұщыту зауытының құрылысы басталады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар