Президент
1 мин оқу 204

Өзекті мәселелер басты назарға алынған

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын түркістандықтар зор ықыласпен қабылдады деп айтуға болады. Өйткені Жолдауда елдің сөзі айтылды, халықтың қамын жеген ойлар қозғалды.</p>

Өзекті мәселелер  басты назарға алынған

Биылғы Жолдауда Прези­дентіміз әлеуметтік маңызы бар мәселелерге ерекше екпін бергенін атап көрсеткім келеді. Әсіресе, Жолдаудың қарапайым халыққа жағымды тұстары – азық-түлік бағасын өсірмеу, ауылшаруашылық секторындағы (жайылым, агроөнеркәсіп) кем­ші­ліктерді жою жөніндегі бастамалары болды.
Сонымен қатар Жолдауда денсаулық, білім, ғылым, спорт және цифрландыру салаларын әрі қарай дамыту керектігі ай­тылды. Мұның барлығы өскелең ұрпағымыздың қо­ғам­да саналы азамат болып қалып­тасуына әсер етеді.
Мемлекет басшысының Жол­дауын қолдай келе, қазіргі пандемия заманында елімізге аман­дық, бере­ке-бірлік, тыныштық тілеймін.

Әбдіхан ӘБДІҚАДЫРОВ,
Түркістан қалалық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы

Бөлісу: