Әлем
1 мин оқу 282

Өзбекстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек жіберді

<p style="text-align: justify;">&laquo;Өзбекстаннан бауырлас Ауған халқына&raquo;. Дәл осындай ұранмен көрші ел президентінің атынан Ауғанстанға гуманитарлық көмек жіберілді.&nbsp;Бұл жөнінде Өзбекстанның сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Өзбекстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек жіберді

1300 тонна жүк темір жол арқылы Балх провинциясына жеткізіліп, тәліптерге тапсырылған. Енді ұн, азық-түлік өнімдері, дәрі-дәрмектер мен киім-кешектер Ауғанстанның мұқтаж азаматтарына таратылмақ. Гуманитарлық көмек көрсеткені үшін тәліптер Өзбекстан президентіне алғыс білдірді.

Айта кетейік, Ауғанстанда азық-түлік тапшылығына байланысты БҰҰ Пәкістан, Тәжікстан және Өзбекстандағы қоймаларда бірінші қажеттіліктегі тауарлардың қорын арттыруға кіріскен. Қазір көрші Өзбекстанның Термез қаласында негізгі логистикалық орталық құрылған.

Бөлісу:
Өзбекстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек жіберді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар