Әлем
1 мин оқу 580

Түркіменстан Түрік кеңесіне мүше болады

<p style="text-align: justify;">Алдағы айда Түркіменстан Түркітілдес елдердің ынтымақтастық кеңесінің толық мүшесі болады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Орталық Азия жаңалықтар қызметінің жазуынша, Түрік кеңесінің VIII саммиті 12 қарашада Стамбұл қаласында өтеді.

Басылым мәліметіне қарағанда, саммитте Түрік кеңесіне төрағалық ету құқығы Түркияға өтіп, ұйымның аталуы өзгереді.

Түркияның «Әділет және даму» партиясының төраға орынбасары Бинали Йылдырымның сөзінше, Түрік кеңесі «Түркітілдес мемлекеттердің ұйымы» деген атауға ие болады.

Биыл наурызда өткен кеңеске мүше елдердің бейресми онлайн отырысында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған кеңестің мәртебесін өзгертуді ұсынған.

Түрік кеңесі 2009 жылы Әзербайжанның Нахчыван қаласында құрылған. Оған Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркия мүше. Венгрия бақылаушы мәртебесіне ие.

Бөлісу:
Түркіменстан Түрік кеңесіне мүше болады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар