Спорт
1 мин оқу 870

UEFA Чемпиондар лигасы: Екінші тур ойындары қашан?

<p style="text-align: justify;">Бүгін футболдан UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңіндегі алғашқы тур өз мәресіне жетеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Кеше жанкүйерлер А, В, С, D топтарындағы ойындарды тамашалады.

А тобында «Манчестер Сити» (Англия) өз алаңында Германияның «Лейпциг» командасын 6:3 есебімен тізе бүктірсе, «Брюгге» (Бельгия) мен «Пари Сен-Жермен» (Франция) 0:0 есебіне қанағат білдірді.

В тобында «Ливерпуль» (Англия) мен «Милан» (Италия) тартысты бәсеке өткізді. Ойында ағылшындар 3:2 есебімен жеңіске жетті. Ал «Атлетико Мадрид» (Испания) мен «Порту» (Португалия) ойынды 0:0 есебімен аяқтады.

С тобында Түркияның «Бешикташ» клубы өз алаңында Германияның «Боруссия Дортмунд» командасына 1:2 есебімен жеңілсе, Португалияның «Спортингі» Нидерландының «Аяксына» 1:5 есебімен есе жіберді.

D тобында Молдованың «Шерифі» өз алаңында Украинаның «Шахтерін» 2:0 есебімен тізе бүктірсе, Италияның «Интері» Испанияның «Реал Мадридіне» 0:1 есебімен жол берді.

Екінші тур ойындары 28 және 29 қыркүйек күндері өткізіледі.

Бөлісу: