Әлем
1 мин оқу 390

Тайланд туристерді қабылдауға дайын

<p style="text-align: justify;">Тайланд 1 қазаннан бастап вакцина салдырған туристерге есігін ашады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Вакцинацияланған туристер Таиланд астанасының тарихи көрікті жерлерімен таныса алады.

15 қазанда Бангкок саяхатшылар үшін ашылады. COVID-19 сертификаты бар қонақтарға 14 күндік карантиннен өту қажет емес. Бұл туралы Таиланд туризм және спорт министрі Пхипхат Ратчакитпракарн хабарлады.

Шенеунік 1 қазаннан бастап тағы төрт туристік аймақ толық иммундаудан өткен туристерді қабылдай бастайтынын айтты. 

«Бангкок ашылуға дайын. Алайда, біз ашық айтуымыз керек, қазіргі уақытта Бангкокта халықтың вакцинациялану көрсеткіші 70%-ға жеткен жоқ», деді Ратчакитпракарн.

Сонымен қатар туризм министрі Бангкокта иммундау бағдарламасы айтарлықтай қарқынмен жүріп жатқанына назар аударды.

Бөлісу:
Тайланд туристерді қабылдауға дайын · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар