Қазақстан
1 мин оқу 250

Қазақстан елшісі Палестина Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның Иорданиядағы Елшісі Айдарбек Тұматов Палестина Президенті Махмуд Аббасқа Қазақстан Республикасының Палестина Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы ретінде сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Рәсім онлайн-форматта өтті. Қазақстандық дипломат Палестина басшысына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ізгі тілектерін жеткізді.

Сондай-ақ А.Туматов өз сөзінде Қазақстан басшылығының екі ел арасындағы қатынастарды одан әрі жан-жақты нығайтуға бағытталған дәйекті бағытын растады.

Өз кезегінде Махумуд Аббас Елші А.Туматовтың жаңа қызметіне табыс тілеп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Достық сәлемін жеткізді. Босния және Герцеговина, Бруней-Даруссалам, Малайзия, Бангладеш және Ирак елшілері Палестина Президентіне сенім грамоталарын тапсырды.

Қазақстан Республикасы мен Палестина Мемлекеті арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылы орнатылды. Қазақстанның Палестинамен қарым-қатынасына Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшілігі жетекшілік етеді.

грамота

Бөлісу: