Оқиға
1 мин оқу 270

Оралда орман маңынан әйелдің мүрдесі табылды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Оралда орман маңынан әйелдің мүрдесі табылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 15 қыркүйек күні қалаға қарасты Ветелки ауылында болған. Сағат 13.45-те орманға таяу жерден белгісіз әйелдің денесі табылды. Кім екендігін және өлімнің себебін анықтау үшін мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабына (кісі өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бөлісу: