Әлем
1 мин оқу 250
Францияда студенттер мінген автобус апатқа ұшырады
<p style="text-align: justify;">Францияның Майен департаментіндегі Шанже коммунасында 49 жолаушы, соның ішінде колледж студенттері мінген автобус жолдан шығып кетіп, 20 адам түрлі жарақат алды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жергілікті BFM телеарнасының мәліметінше, департаменттің префектурасы жол апатында басқа көлік құралдары зақымдалмағанын растады. Автобус жолдың шетінде аударылып қалған.
Автобус жүргізушісі оқиға орнына келген тергеушілерге өзін жаман сезінгенін айтқан. Полицейлер екі зардап шегушінің ауыр халде жатқанын хабарлады. Құтқарушылар екі жарақаттанушыны Лаваль қаласындағы госпитальге жеткізген.
Бөлісу: