Қоғам
1 мин оқу 144

Еліміздің 10 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

<p style="text-align: justify;">Қазгидромет 17 қыркүйекте Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Еліміздің 10 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

17 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде 3 градусқа дейін үсік күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады.

Маңғыстау облысының орталығында және оңтүстік-шығысында, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығысында соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Павлодар облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде желдің жылдамдығы 25 м/с жетеді.

Түнде 17 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында топырақ бетінде 3 градус үсік күтіледі.

Нұр-Сұлтан қаласында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында найзағай ойнайды. 

Ақмола облысында күшті жел соғады.

Күндіз 17 қыркүйекте Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Бөлісу:
Еліміздің 10 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар