Коронавирус
1 мин оқу 290

Қазақстанда қанша адам вакцина салдырды?

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Елімізде коронавирус вакцинасын салдыруға қатысты 17 қыркүйектегі мәлімет жарияланды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

17 қыркүйектегі мәлімет бойынша Қазақстанда вакцинаның I компонентін 7 228 047 адам салдырды, II компонентті 6 059 729 адам алды.

Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында, қалада 922 556 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 821 717 адам екінші компонентін салдырған.

Екпе алудан екінші орында - Түркістан облысы. Өңірде 824 620 адам коронавирус вакцинасының 1-компонентін, 642 284 адам 2-компонентін егілген.

Үшінші орында Алматы облысы – 725 430 адам екпенің бірінші бөлігін алса, 606 788 адам екінші бөлігін қабылдаған.

Бөлісу: