Әлем
1 мин оқу 552

Жапонияның оңтүстік-батысында жанартау атқылады

<p style="text-align: justify;">Жапонияның оңтүстік-батыс Суваносэ аралында жанартау атқылады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://tass.ru/proisshestviya/12428223" target="_blank" rel="noopener noreferrer">ТАСС</a>-қа сілтеме жасап.</p>

Жапонияның ұлттық метеорологиялық басқармасының ақпараты бойынша, кратерден 1 км радиуста болған жанартау жыныстарының шығуы тіркелді.

Сейсмологтар аралда жанартаулық белсенділіктің жалғасуы ықтималдығы туралы ескертеді. Осыған байланысты ауданда бес балдық шкала бойынша қауіптіліктің үшінші деңгейі жарияланды. Бұл жанартауға 2 км-ден аз қашықтыққа жақындау мүмкін емес дегенді білдіреді.

Аралда зардап шеккендер мен қирандылар туралы хабар жоқ. Қазіргі уақытта онда 80-ге жуық адам тұрады, ал олардың ауылы жанартаудан 4 км қашықтықта орналасқан.

Суваносе - үлкен Кагосима қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 230 км жерде орналасқан шағын арал. Алдыңғы рет бұл мекенде жанартау атқылауы маусым айында болған.

Бөлісу: