ДДСҰ «Спутник V» вакцинасын мақұлдау процесін тоқтатты
<p style="text-align: justify;">Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Ресейдің "Спутник V" вакцинасын қарау процедурасын тоқтатты. Бұл туралы брифингте ДДСҰ жанындағы Панамерикалық денсаулық сақтау ұйымы директорының орынбасары Ярбас Барбоса мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Оның айтуынша, қазіргі уақытта препаратты мақұлдау туралы өтініш тоқтатылған. Бұл еуропалық реттеушінің өкілдері инспекция барысында Ресейдегі зауыттардың бірінде бірқатар өндірістік бұзушылықты анықтағаннан кейін орын алды.
«Sputnik V-ді төтенше жағдайларда (EUL) пайдалану үшін тізімге енгізу процесі тоқтатылды, өйткені вакцина жасалатын зауыттардың бірін тексеру кезінде оның тиісті өндірістік тәжірибеге сәйкес келмейтіні анықталды», деп түсіндірді Ярбас Барбоса.
Директордың орынбасары сонымен қатар бұл процедура ресейлік тарап барлық белгіленген кемшіліктерді толығымен жойғаннан кейін ғана жалғасатынын айтты. Бұдан кейін ДДСҰ өкілдері тағы бір тексереді.