Оқиға
1 мин оқу 147

Степногорда бірнеше саяжай өртенді

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Ведомствоның мәліметінше, оқиға 16 қыркүйек күні сағат 17:00-де болған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Өрт қаланың шетіндегі телемұнара тұсынан басталып, «Вавилов» саяжай алабына тараған.

Тілсіз жау 20 гектар аумақтағы құрғақ шөпті шарпыды. Одан 3,5 гектар аумақтағы 58 саяжай учаскесіне таралды, оның үшеуінде саяжай үйлері зардап шекті.

«Өртті ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 34 адам мен төрт арнайы өрт сөндіру техникасы, «ОПАЗ» мемлекеттік емес өрт қауіпсіздігі қызметінің 4 жұмысшысы мен 1 техникасы, «ЕПК» АҚ өрт қауіпісіздігі бөлімінің 4 қызметкері мен 1 техникасы, «Қазақалтын» кәсіпорнының 4 қызметкері мен 1 техникасы, «Мани» ЖШС-ның 2 қызметкері мен 2 техникасы, Степногор қалалық су каналының 2 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды», деді ведомстводан.

ТЖД баспасөз қызметінен атап өткендей, оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Өрт сағат 20:45 ауыздықталып, 22:00-де толық сөндірілді. Қазіргі кезде, өрттің шығу себебі мен салдары анықталып жатыр.

Бөлісу: