Елорда
1 мин оқу 320

Елордада әлемнің 250 кәсіпкері бас қосады

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы &laquo;Kazakh Tourism&raquo; АҚ басқарушы директоры Талғат Аманбаев &laquo;Bizz Eurasia 2022&raquo; көрмесін өткізуге арналған брифингте айтты, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Елордада әлемнің 250 кәсіпкері бас қосады

«2020 жылы Қазақстан 2021 жылға арналған WORLDCOB «Bizz Awards» іс-шарасын өткізу құқығын жеңіп алды, ол белгілі себептермен келесі жылға ауыстырылған еді. Іс-шараға әлемнің түкпір-түкпірінен 250-ге жуық кәсіпкер қатысады. Оның ішінде бизнес иелері, бірінші басшылар, басқарушы директорлар және 50-ден астам елдің шағын, орта және ірі компанияларының серіктестері бар», деді Аманбаев.

Оның айтуынша, шараны өткізу бойынша барлық шығынын ұйымдастырушылар өтейді.

«Bizz Awards» - 2022-2025 жылдары Қазақстанда өтетін 6 іс-шараның бірі. Барлығы 2025 жылға дейін отандық MICE туризм индустриясын коронадағдарыс кезеңінде қалпына келтіруге жәрдемдесетін кем дегенде 20 халықаралық іс-шараны тарту жоспарланып отыр», деді Талғат Аманбаев.

Айта кетейік, Қазақстан ТМД елдері арасында екінші орын алып, COVID-19 пандемиясына дейін конгрестік-іскерлік туризмді (MICE туризм) дамыту бойынша Орталық Азия бойынша көшбасшы атанды. Халықаралық конгрестер мен конференциялар қауымдастығының деректері бойынша 2019 жылы Қазақстан халықаралық қауымдастықтардың 18 іс-шарасын өткізуді ұтып алды, оларды өткізуден түскен табыс 6 миллион долларды құрады.

Бөлісу:
Елордада әлемнің 250 кәсіпкері бас қосады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар