Президент
1 мин оқу 143

ҚР Президенті Алматыда гуманитарлық хаб құруды ұсынды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Ауғанстанға халықаралық көмек жеткізу үшін Алматыда Шанхай ынтымақтастық ұйымының гуманитарлық хабын ұйымдастыру керек. Мұндай ұсынысты Душанбеде өтіп жатқан ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жасады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

«Қазақстан Ауғанстан болашағын өз-өзімен және өзінің көршілермен бейбіт өмір сүретін нағыз тәуелсіз әрі біртұтас мемлекет ретінде көреді. Осынау тағдыршешті тарихи сәтте Ауғанстанның көпұлтты халқы теңдессіз қиындықтармен бетпе-бет жалғыз қалмауы тиіс.

ШЫҰ үлкен ықпалының арқасында бұл елдің бейбітшілік пен келісімге қол жеткізуінде белсенді рөл атқаруы тиіс деп санаймын. Ұжымдық күш-жігермен ғана қазіргі сын-тегеуіріндермен күресте өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ете аламыз», деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Қазақстан өз тарапынан Ауғанстаннан бақылаусыз көші-қонның орын алуының, деструктивті идеологияның, есірткінің таралуының жолын кесу үшін өңірлік серіктестерімен өзара іс-қимылды күшейтетіндігін баса айтты.

«Сонымен қатар Ауғанстан тап болған өзекті гуманитарлық және экономикалық проблемаларды шешу үшін жан-жақты көмек көрсетуге дайынбыз. Қазақстанның қолданыстағы инфрақұрылымдары мен логистикалық мүмкіншіліктерін ескере отырып, Ауғанстанға халықаралық көмек жеткізу үшін Алматыда ШЫҰ-ның гуманитарлық хабын ұйымдастыруды ұсынамыз», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бөлісу:
ҚР Президенті Алматыда гуманитарлық хаб құруды ұсынды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар