Индустриялық даму комитетіне жаңа басшы тағайындалды
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен Ілияс Оспанов ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
Ілияс Есетұлы Оспанов 1986 жылы Нұр-Сұлтан қаласында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін және Лондон Империялық колледжін (Ұлыбритания) бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы «Астана су арнасы» МҚК инженері болып бастады. 2012-2014 жылдар аралығында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің құрылымында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2014-2016 жж. ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде басшылық қызметтерді атқарды.
2016-2017 жж. – Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасы басшысының орынбасары. 2017-2018 жж. — «Евразия» корпорациясы» ЖШС холдинг компаниясының даму және инновациялар мәселелері жөніндегі вице-президенті.
2018-2020 жж. – ҚР және Дүниежүзілік банктің «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын Басқару тобы директорының орынбасары.
2020 жылғы ақпан айынан 2021 жылғы сәуір айының аралығында - «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ президенті.
2021 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін «QazInnovations» ұлттық инновацияларды дамыту агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарды.