Аймақтар
1 мин оқу 393

Көкшетауда 57 оқушыдан коронавирус анықталды

<p style="text-align: justify;">Қыркүйек айының басынан бері өңірде КВИ аурушаңдығының төмендеуіне қарамастан, Көкшетауда аурудың 577 жағдайы тіркелді, оның ішінде 57-сі мектеп оқушылары. Бұл туралы Көкшетау қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қанат Ысқақов мәлім етті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Дәрігердің айтуынша, коронавирустық инфекцияның таралу қарқыны бойынша республика өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес 2021 жылғы 16 қыркүйекте Ақмола облысы «қызыл» аймақта болуын жалғастыруда.

Пандемия басталғаннан бері Көкшетау қаласында Сovid-19 инфекциясы расталған 12187 оқиға тіркелді. Қыркүйектің 16-сы күні - 577 жағдай, оның ішінде оқушылар арасында 57 жағдай анықталды. Соңғы тәулікте вирус жұқтырғандар саны 36 жағдайды құрады.

«Бүгінде Көкшетауда төсек қорының жүктемесі 46%-ды құрайды. 236 адам ауруханаға жатқызылды, 33 науқас реанимацияда, екі науқас оттегіне тәуелді. Бұл ретте науқастардың 99% вакцинацияланбаған», деп түсіндірді Қ.Ысқақов.

КВИ ауруының төмендеуіне байланысты 100 төсектік «Көкшетау темір жол ауруханасы» ЖШС мен 60 төсектік «Көкшетау қалалық көп бейінді ауруханасы» ШЖҚ МКК стационарлары жабылды. Сондай-ақ 100 төсектік көпбейінді облыстық аурухана жанындағы инфекциялық стационарды да жабу жоспарлануда.

Бұған дейін хабарланғандай, 16 қыркүйекте облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің № 37 қаулысы шығарылды. Сондай-ақ Қ.Ысқақов көкшетаулықтарға жаңа құжатқа сәйкес мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы» РМҚК қызметіне рұқсат етілгенін еске салды. Қоғамдық көлік енді сенбі, жексенбі және мереке күндері жұмыс істей алады.

Бөлісу:
Көкшетауда 57 оқушыдан коронавирус анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар