Коронавирус
1 мин оқу 302

Ресей AstraZeneca вакцинасын өндіре бастады

<p style="text-align: justify;">Ресейлік &laquo;Р-Фарм&raquo; фармацевтикалық компаниясы экспорттық мақсаттар үшін Оксфорд университетімен AstraZeneca лицензиясы бойынша коронавирусқа қарсы вакцина шығара бастады. Бұл туралы Ресей Индустрия және сауда министрлігі басшысының бірінші орынбасары Василий Осьмаков хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> РИА Новостиге сілтеме жасап.</p>

«Ресейде шетелдік вакциналар шығарылуда, AstraZeneca Р-Фарм-да экспорттық келісімшарттар арқылы жасалады. Ішкі нарыққа келетін болсақ, біз өз өнімдерімізбен толық көлемде қамтылдық. Болашақта бәрі мүмкін, әсіресе, қазіргі сұраныс толқынында біз өз өндірістерімізбен жұмыс істейміз», деді Осьмаков.

Р-Фарм бас директоры Василий Игнатьев компания маусым айында Оксфорд университеті мен AstraZeneca лицензиясы бойынша коронавирустық вакцинаның алғашқы партиясын шығаруды жоспарлап отырғанын айтты. Ол Ресейде «Р-Фарм» өндірістік қуаттылықтарында шығарылатын «Р-Кови» вакцинасының бірнеше жүз мың данасы ай сайын экспортқа шығарылатынын атап өтті.

Бөлісу:
Ресей AstraZeneca вакцинасын өндіре бастады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар