Оқиға
1 мин оқу 180
Ауыратлет Альберт Линдердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
<p style="text-align: justify;">Алматы облысының полициясында қазақстандық ауыратлет Альберт Линдердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Алматы облысының Полиция департаменті дерек бойынша ҚР ҚК-ның 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша соталды тергеу басталғанын хабарлайды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін Ауыр атлетика федерациясы спортшы қайтыс болғанын хабарлаған болатын. Дереккөз мәліметінше, Альберт Линдер өз-өзіне қол салған. Басқа деректер әлі белгісіз.
Бөлісу: