Ауа райы
1 мин оқу 311

Ертең төрт өңірде үсік жүреді

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Қазгидромет 18 қыркүйекте еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Түнде 18 қыркүйекте Қарағанды облысының солтүстік-батысында топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді.

Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Солтүстік Қазақстан облыстың оңтүстік-шығысында 2 градус үсік күтіледі.

Батыстан жел соғады, облыстың шығысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. 18 қыркүйекте түнде Ақмола облысының батысында топырақ бетінде 3 градус үсік күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың солтүстік - батысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік болады. 

Түркістан облысының таулы жерлерінде найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі бар.

Бөлісу:
Ертең төрт өңірде үсік жүреді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар