Спорт
1 мин оқу 253

Ауыр атлет Альберт Линдердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

<p style="text-align: justify;">Алматы облысының Полиция департаменті ауыр атлет Альберт Линдердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Өзін-өзі өлтіруге жеткізу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Бұған дейін хабарланғандай, жасөспірімдер арасында чемпион, Азия чемпионы, Универсиаданың жеңімпазы және рекордсмені, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы 25 жастағы Альберт Линдер 17 қыркүйекке қараған түні қайтыс болды. 

Бөлісу:
Ауыр атлет Альберт Линдердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар