Әлем
1 мин оқу 360

Тағы бір ел карантин талаптарын жеңілдетті

<p style="text-align: justify;">Бельгияда 1 қазаннан бастап карантин талаптары жеңілдейді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бельгияда ересектердің 84%-ітолық вакцина салдырған. Осылайша, ел егілгендер саны бойынша Еуроодақта алғашқы орынға шықты. Бұл туралы елдің премьер-министрі Александр Де Кро мәлімдеді.

Енді ел дүкендері мен қонақ үйлерінде бетперде кию талап етілмейді. Тек коронавирусқа қарсы вакцина алғаны туралы папорт өрсету жеткілікті. Сонымен қатар екпе салдырғандар, ПТР-тест тапсырғандар немесе жақында ғана КВИ-мен ауырғандар күндіз мейрамханаға еш қиындықсыз кіре алады. Алайда қоғамдық көлікте, медицина және қызмет көрсету мекемелерінде маска тағу міндетті болып қала береді.

Бөлісу: