Спорт
1 мин оқу 200

Токио марафоны 2022 жылға шегерілді

<p style="text-align: justify;">2021 жылғы Токио марафоны биыл өткізілмейді. Бұл туралы жарыстың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ҰОК жазуынша, марафон биыл 7 наурызда өтуі тиіс еді. Кейін эпидахуалға байланысты, ұйымдастырушылар оны 17 қазанға ауыстырған болатын.

Кеше турнирдің 2022 жылғы 6 наурызға шегерілгені белгілі болды. Мұның бәрі коронавирусты инфекцияға байланысты орын алған келеңсіздіктерге байланысты екені мәлім. 

2020 жылдың 1 наурызында әйгілі Токио марафоны әуесқойлардың қатысуынсыз өтті. Жарысқа 200 кәсіби спортшы қатысқан. 

Бөлісу:
Токио марафоны 2022 жылға шегерілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар