Аймақтар
1 мин оқу 623
Шығыс Қазақстанда найзағай түсіп, 3,5 га жер жанып кетті
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">17 қыркүйек күні Катонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылындағы орманда өрт шықты. Бұл туралы ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
Алдын ала мәлімет бойынша өрт найзағайдан шыққан. Жалын 3 жарым гектар жерді шарпыған.
«Оқиға орнында тілсіз жаумен өрт сөндірушілер және орманшылар күресуде. Сол жерге жалпы саны 74 адам мен 11 техника жұмылдырылған. Әзірге оттың беті қайтар емес», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Бөлісу: