ANTIKOR
1 мин оқу 371

Бюджеттен 62 млн теңге жымқырғандар сотталды

<p style="text-align: justify;">Ветеринарлық станция директоры мен есепшісі 62,9 миллион теңге бюджет қаржысын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігіне <a href="https://t.me/antikornews/4391">сілтеме</a> жасап.</p>

Қыркүйек айында Шу аудандық сотының үкімімен «Шу ауданының Ветеринарлық станциясы» ШЖҚ КМК директоры Д. Тілемісов (ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы) - 8 жылға, мекеменің бас бухгалтері С. Аукешева (ҚК 189-б. 4-б. 2-т.) 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

«Олар іс жүзінде жеткізілмеген тауар-материалдық құндылықтар үшін үлестес компаниялардың шоттарына оларды негізсіз аудару жолымен, сондай-ақ өздеріне көтеріңкі жалақы, сыйлықақылар мен іссапар шығыстарын негізсіз аудару жолымен 62 954 936 теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру күдігіне ілінді», деп жазылған ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Бөлісу:
Бюджеттен 62 млн теңге жымқырғандар сотталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар