Спорт
1 мин оқу 267

Стритболдан «Nur-Sultan CUP» турнирі өтті

<p style="text-align: justify;">Елордада&nbsp;Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған стритболдан &laquo;Nur-Sultan CUP&raquo; турнирінің финал ойындары мен марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>

Стритбол жарысының бірінші кезеңі осы жылдың 19 маусымында Алматы ауданындағы Президенттік саябақта басталған болатын. Біріншілік ойындары тек демалыс күндері, Нұр-Сұлтан қаласының 4 ауданында белгіленген уақытта «Ashyq» қосымшасын пайдалану арқылы өтті.

Ойынға ұлдар мен қыздардан құралған 110 команда қатысты. Төрт ойыншыдан тұратын командалар U-16, U-18 екі санатында жарысты.

Іс-шара соңында жеңімпаздар медальдармен, дипломдармен, кубоктармен және арнайы стритбол формаларымен марапатталды.

Бөлісу:
Стритболдан «Nur-Sultan CUP» турнирі өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар