Жаңалықтар
1 мин оқу 132
Қытайда жолаушылар кемесі аударылды
<p style="text-align: justify;">Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуйчжоу провинциясындағы өзенде жолаушылар кемесі аударылып, сегіз адам қаза тапты, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
РИА Новости жазуынша, оқиға сенбіде жергілікті уақыт бойынша 16:50-де болған. 40 адамдық кеме Люпаньшуэй қаласының Лючжи арнайы ауданындағы Цзангке өзенінде аударылып қалған.
Нәтижесінде сегіз адам қаза тауып, тағы жетеуі хабар-ошарсыз кеткен.
Бүгін таңертең 31 адам құтқарылды. Құтқарушылар сонымен қатар 8 құрбанның денесін судан алып шықты.
Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Жергілікті құқық қорғау органдары оқиғаның себебін анықтауда.
Бөлісу: