Жаңалықтар
2 мин оқу 616

Әуе тасымалының логистикасы

Таяуда Астана қаласында «Cargo Aviation Day» шарасы өткізілді. Оны Көлік және коммуникациялар министрлігі, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «KAZLOGISTICS» көлік одағы, Әуе көлігінің халықаралық қауымдастығы ұйымдастырды.

Таяуда Астана қаласында «Cargo Aviation Day» шарасы өткізілді. Оны Көлік және коммуникациялар министрлігі, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «KAZLOGISTICS» көлік одағы, Әуе көлігінің халықаралық қауымдастығы ұйымдастырды.

Форум жұмысына отандық жә­не шетелдік 100-ден астам ұйым­дар қатысты. Шара аясындағы дөң­ге­лек үстел отырысында әуемен тасы­мал­даудың әлемдік үдерістері мен саланың болашағына талдау жасалды. Оның ішінде географиялық ахуал, жүк хабтарының экономикалық және құқықтық базаларын жасақтау, қазіргі таңдағы әуе тасымалдау жүйесінің технологиялары, Қазақстан әуе паркінің жүк тасымалдаудағы стратегиялық дамуын зерделеу, сондай-ақ тұрақты жүк тасымалы мен жолаушылар тасымалдау кезіндегі сыйымдылығы жоғары құралдарды тиімді пайдалану жұмыстары қарастырылды. Мұнымен қатар, Кеден одағы аясындағы мем­ле­кеттердің технологиялары мен кө­лік құралдарының құжаттарын біріз­ден­діріп, импорттық, экспорттық жә­не транзиттік жүктерге кедендік үде­ріс­терді жеңілдікпен қолданудың болашағы сарапталды.

Арнайы сессияда жаңа халықара­лық стандарттарды өндіріске енгізу мәселесі көтерілді. Сөйтіп, 1999 жы­л­­ғы Монреаль конвенциясы өн­ді­ріске кіргізуді талап еткен стан­дарттың e-freight техникалық шеші­мін енгізу туралы да айтылды. Қа­зақ­станда әуе электронды ілеспе құжатын өндіріске енгізу ісіне орай, кедендік ресімдеуде электронды құ­жат­тандырудың ресейлік тәжірибесі тал­қылауға түсті. “Cargo Aviation Day” бағдарламасында электронды e-AWB әуе ілеспе жүк қағазын толтыру мен өндіріске енгізу семинары ұйым­дастырылды. Шара аясында Қазақстанда e-AWB қанатқақты жобасын енгізудің мүмкіндігі талқы­лан­ды. «KAZLOGISTICS» көлік ода­ғы мен Азаматтық авиацияның Инновациялық орталығы арасында мультимодальдық тасымалдауда бірегей электронды құжаттарды пайдалану туралы меморандумға қол қойылды.

Ауқымды жиынның негізгі мақсаты – саладағы өзекті жайларды талқылап, республикада әуемен жүк тасымалдау ха­бын дамыту. Сондай-ақ, еліміздің транзиттік әлеуетін арттыруға кедергі кел­тіретін мәселелерді шешу жолдары талқыланды. Сонымен қатар, шарада бизнес қауымдастығын әуемен жүк тасымалдаудағы құжат айналымында электронды құжат рәсімдеудің халықаралық стандарттарымен таныс­тыру және оны өндіріске енгізудің нақты шараларын көрсету мақсаты көзделді.

«Егемен-ақпарат».

Бөлісу:
Әуе тасымалының логистикасы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар