Жаңалықтар
3 мин оқу 470

Экспортқа бағытталған «Бакара»

1-9Еліміздің индустриялық-инно­ва­циялық даму бағдарламасы Са­бынды ауылының өркен­деуі­не елеулі серпін берді. Әсі­ресе, «АстанаАгроӨнім» жауап­кершілігі шектеулі серіктестігінің қадамы құтты деуімізге болады. Бүгінгі күні шалғайдағы Сабынды ауылы тұрғындарының басым көпшілігі тұрақты жұмысқа тартылып, ел іші кәдімгідей көркейіп қалды. Мұны жұртшылық за­ма­налық талаптағы «Бакара» ет ком­бинатының іске қосылуымен байланыстырады.

1-9

Еліміздің индустриялық-инно­ва­циялық даму бағдарламасы Са­бынды ауылының өркен­деуі­не елеулі серпін берді. Әсі­ресе, «АстанаАгроӨнім» жауап­кершілігі шектеулі серіктестігінің қадамы құтты деуімізге болады. Бүгінгі күні шалғайдағы Сабынды ауылы тұрғындарының басым көпшілігі тұрақты жұмысқа тартылып, ел іші кәдімгідей көркейіп қалды. Мұны жұртшылық за­ма­налық талаптағы «Бакара» ет ком­бинатының іске қосылуымен байланыстырады.

Кәсіпорын «Агроөнеркәсіп кеше­нін және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында ва­куум­ды орамада тұтас, бұқ­ты­­рыл­­ған және кесілген еттер өн­діру кешені» жобасымен 2010 жы­лы салынған. Жобаны жүзеге асы­руға 987 миллион теңге инвестиция тартылған болатын. Оның қайтарымы да ұзын-сонарға салынбай, игі жемісін төгуде. Аудан әкімі Қайыр Рыскелдиновтің жуыр­­дағы халық алдындағы есе­­бін­де ұжым қызметіне жоғары ба­­ға берілді. «Бакара» 2013 жыл­дың қорытындысы бойынша 1755 тон­на ет өнімдерін өндірді. Оның ішінде 1197 тонна халал ет, 359 тон­на шұ­жық, 203 тонна жартылай фабри­каттар дайындалды. Ком­бинат былтыр республикамызда бірінші болып Ресей астанасына 16 тонна өнім жөнелтті. Заманалық қайта өңдеу зауыты соңғы екі жылда еңбек өнімділігін он есе ұлғайтып, ай сайын 150 тонна сапалы өнім дайындауда», деді ол.

Небәрі үш жылдың ішінде еліміздің «Алтын сапа» сыйлығын иемденіп, халықаралық «ISO 9001:2000» сертификатымен жұ­мыс істейтін кәсіпорынның ұлттық мәзірде өңделген отыздан астам ет өнімдері Астана, Ал­маты, Ақтау, Қарағанды, Ақ­төбе, Павлодар, Шымкент, Өс­кемен қалаларында жоғары сұранысқа ие. Тапсырыс беру­шілер қатарында Ресейдің Ом­бы, Новосібір, Челябі облыс­тары да бар. Талғампаз мәс­кеу­ліктер жылқы, сиыр және қой еті­нен дайын­далған шұ­жық, қазы, сүр ет және бас­қа ұлттық та­ғам бренд­терінің келісін 2500 теңгеден сатып алуы сауда сая­са­ты­ның қай қырынан алып қарасақ та тиімді.

Кәсіпорынның әу бастан-ақ экспорттық бағыт ұстануы­на мем­лекеттік үдемелі индуст­рия­лық-ин­новациялық даму бағ­дар­ламасы мүмкіндік ашқанын айтуымыз керек, дейді «Астана Агро Өнім» ЖШС басшысы Серік Рахымбеков. «Бакара» сауда белгісімен жұ­мыс істейтін комбинатта Гер­­ма­­нияның озық технологиясы мен жабдықтары пайдаланылады. Жер­гілікті жүз тұрғынды жаңа кә­сіпке баулып, кәсіби біліктілігін көтеруді өз мойнымызға алдық. Бұл өз кезегінде тәртіп пен жауап­кершілікті күшейтті. Осыған сәйкес табыс та өсіп, әлеуметтік қолдау шаралары кеңейді.

Сондай-ақ, ЖШС 2500 қа­ра мал басын бордақылау ин­­дус­триялық-инновациялық да­му жобасын жүзеге асыруда. Мұнда былтырғы жылдың қараша айында 369 миллион теңгенің 460 тонна өнімі айналымға шығарылды. Яғни жобаны жүзеге асыруға жұмсалған 345 миллион теңге қаржы мерзімінен бұрын өтеліп отыр. Биыл заманалық ет комбинаты өзінің жобалық қуатына енеді деп күтілуде.

Бақберген АМАЛБЕК,

«Егемен Қазақстан».

Ақмола облысы,

Қорғалжын ауданы.

––––––––––––––––––––

Суретті түсірген

Ермұрат ДОСЫМОВ.

Бөлісу:
Экспортқа бағытталған «Бакара» · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар