Спорт
1 мин оқу 260

Елена Рыбакина WTA рейтингісіндегі жеке рекордын жаңартты

<p style="text-align: justify;">Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) рейтингінің жеке және жұптық разрядтағы жаңартылған нұсқасы жарияланды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Sports.kz-ке сілтеме жасап.</p>

Ең мықтылар үштігі өзгеріссіз қалды: австралиялық Эшли Барти көш бастап, оның артында белоруссиялық Арина Соболенко мен чех спортшысы Каролина Плишкова тұр.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 17-ші орыннан 16-шы орынға көтеріліп, жеке рекордын жаңартты.

Юлия Путинцева бес жолдан айырылып, 49-шы атанды. Ал Зарина Дияс жеті белгіге түсіп, 112-ші орында тұрақтады.

Жұптық разрядтың көшбасшысы Бельгиядан келген Элиза Мертенс болды, одан кейін Чехия өкілі Барбора Крейчикова мен Катерина Синякова. Анна Данилина 88-ден 86-ға көтерілсе, Рыбакина 96-шы, Дияс 181-ші болды.

Бөлісу:
Елена Рыбакина WTA рейтингісіндегі жеке рекордын жаңартты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар