Қоғам
1 мин оқу 221

Алдағы үш күнде ауа райының қандай болатыны айтылды

<p style="text-align: justify;">Қазгидромет 21-23 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алдағы үш күнде ауа райының қандай болатыны айтылды

Атмосфералық фронтальді жүйелермен батыста, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр жауады, елдің солтүстігі мен шығысында екпінді желмен аздаған жауын-шашын болады.

Ауа температурасы елдің батысында түнде 3-17, күндіз 12-28 жылы, солтүстік-батыста түнде 0-7 жылы, кей жерлерде 3 градус үсік жүреді. Ал орталықта және облыстың шығысында түнде 0-5 жылы, 3 градусқа дейін үсік күтіледі. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығыста ауа температурасы түнде 4-15, күндіз 17-28 градус жылы болады.

Бөлісу:
Алдағы үш күнде ауа райының қандай болатыны айтылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар