Аймақтар
1 мин оқу 160

Қостанайда жарылыстан зардап шеккен екі адам қайтыс болды

<p style="text-align: justify;">Қостанайда жеке үйде болған жарылыстан зардап шеккен екі адам ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл туралы Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті.

«Өкінішке қарай, Бородин көшесіндегі жарылыстан зардап шеккендердің екеуі де күйік ауруынан қайтыс болды (күйік ауруы - күйік шалу нәтижесінде органдар мен жүйелер белсенділігінің бұзылуы)», делінген хабарламада.

Департамент зардап шеккендердің денесінде 90 және 60 пайыз күйік жарақаттары болғанын түсіндірді.

Бөлісу:
Қостанайда жарылыстан зардап шеккен екі адам қайтыс болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар