Оқиға
1 мин оқу 660

Ресей университетінде қырғын салған жігіттің жазбасы табылды

<p style="text-align: justify;">Перм университетінде атысты ұйымдастырған 18 жастағы Тимур Бекмансуров, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұқаралық ақпарат құралдары қылмыскер әлеуметтік желіде жоспары жайлы жазба қалдырғанын хабарлады. Онда өзінің ешқандай лаңкестік ұйымға мүше еместігін және мұндай шабуыл жасуды 10-сыныптан бастап жоспарлағанын айтқан. Сол кезден бастап, көлік жүргізу куәлігін аламын деген сылтаумен қару-жараққа ақша жинап келген.

в

Атыс салдарынан 8 адам қаза туып, 16-сы жараланған. 

Аталған оқиға кезінде жоғарғы оқу орнының ресми сайты студенттерге аудиториядан шықпай, іштен бекініп алуды ескертті. Бірақ зәресі ұшқан жастар ғимараттың терезесінен секіріп, қаша бастаған.

в

Ал Тимур Бекмансуров құрықтау барысында ауыр жараланып, қаза тапты.

Оқиғаға байланысты «Қарулы шабуыл жасау» фактісімен қылмыстық іс қозғалған.

Айта кетейік, дәл осындай оқиға Ресей мектептерінің бірінде жақында ғана болған еді. 

Бөлісу:
Ресей университетінде қырғын салған жігіттің жазбасы табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар