Спорт
1 мин оқу 150

Федерация ауыратлеттер сынына қатысты мәлімдеме жасады

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы зілтеміршілердің шағымына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Кеше кешкісін ҚР ауыр атлетика құрамасының мүшелері, соның ішінде, қайтыс болған Альберт Линдердің інісі де әлеуметтік желіде құрама командасының бапкерлеріне қатысты шағым мен сын айтты.

ҚР ауыр атлетика федерациясы бұл істі бақылауына алып, әр айып бойынша анығына жетпек. Алдағы уақытта федерация әр атлетпен байланысқа шығып, тергеу өткізеді, оның қорытындысы кейін жария етіледі», делінген хабарламада.

Еске салайық, мұндай наразылыққа 25 жастағы Альберт Линдердің өлімі себепкер болды. Кейіннен спортшы өзіне қол салғаны анықталды.

Полиция бұл оқиға бойынша қылмыстық іс бастады.

Бөлісу:
Федерация ауыратлеттер сынына қатысты мәлімдеме жасады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар