Атырауда екі қабатты үй өртеніп кетті
<p style="text-align: justify;">Атырау қаласында екі қабатты үй өртеніп кетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, диспетчерлік пультке бүгін сағат 13:34-те Атырау қаласының Жұмыскер шағынауданындағы 380 мекен-жайында орналасқан тұрғын үйден түтін шығып жатқаны туралы хабар түскен.
«Департаменттің өрт сөндірушілері сағат 13:43-те шақырту орнына жетіп, мансардты тұрғын үй жанып жатқанын анықтады. Өртті сөндіруге арнайы қызметтің 15 қызметкері мен 3 техникасы жұмылдырылды. Жалын сағат 13:59-да оқшауланып, сағат 14:17-де толық сөндірілді. Өртенген аумақ 180 шаршы метрді құрады», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Өрттен зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қазір жалынның неден тұтанғаны анықталып жатыр.