Өнер
1 мин оқу 810

«Шыңырау» шыңға шықсын

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Режиссер Жаңабек Жетіруовтың &laquo;Шыңырау&raquo; көркем фильмі Ресейде өтетін XXVII Халықаралық &laquo;Әдебиет және кино&raquo; кинофестивалінің негізгі байқауына қатысады. Кинокартина Әбіш Кекілбаевтың повесі желісімен түсірілген.</p>

«Шыңырау» шыңға шықсын

Гатчина қаласында 24 қыр­күйек пен 2 қазан ара­лығында өтетін фестивальда көркем шығарма желісімен түсірілген фильмдер ғана бақ сынай алады.

«Шыңыраудың» негізгі сюжеті құдық қазушы Ең­септің оқиғасын баяндай отырып, менмендік, бақта­лас­тық, махаббат, достық, қас­тандық сынды мінездерге құ­рылған.

«Әбіш Кекілбаевтың «Шы­ңырау» повесі желісімен түсірілген фильм әлемге есім­дері белгілі Толстой, Че­хов, Достоевский, Кафка сияқ­ты ұлы жазушылардың шығармасы бойынша тү­сірілген фильмдермен бір конкурстық бағдар­лама­да көр­сетілетініне қуа­ныш­ты­мын», дейді режиссер.

«Әдебиет және кино» ки­нофестивалі 1995 жылдан бері Гатчина қаласында өтіп келеді. Мұнда жыл са­йын ресейлік және әлем­дік жаңа фильмдер көрсе­­ті­леді. Биылғы маусымда – 24 қыркүйекте фестиваль Алексей Тельновтың «Ар­­хипелаг» фильмімен ашыл­­мақ. Негізгі байқауға бар­лығы 24 туынды қатысады.

Ал Мәдениет және спорт министрлігі тапсыры­сы бойынша Ш.Айманов атын­дағы «Қазақфильм» АҚ түсірген «Шыңырау» көркем фильмі 28 қыркүйекте 19.00-де «Победа» киноконцерт залында көрсетіледі.

Бөлісу:
«Шыңырау» шыңға шықсын · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар