Қазақстан
1 мин оқу 610

Қазақстан Ауғанстанға бидай мен ұн жібереді

<p style="text-align: justify;">Үкімет отырысында қазақстандық бидай мен ұн қай елдерге жеткізілетіні айтылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.</p>

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында атап өткендей, аталған дақылдардың жалпы түсімінің болжамды көлемі шамамен 16 миллион тоннаны құрайды, орташа өнімділігі 10,1 ц/га.

«Өткен жылдардың ауыспалы қалдықтарын ескере отырып, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар өндірісінің болжамды көлемі елдің ішкі қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жаңа маусымда қазақстандық бидай мен ұнның негізгі жеткізілімдері дәстүрлі нарықтарға бағытталады: Орта Азия елдері, Иран және Ауғанстан. Астықтың жоғары сапасы есебінен Қытайға бидайдың жөнелтілуі артуы мүмкін», деді Ауыл шаруашылығы министрі.

Ведомствоның мәліметінше, республика бойынша барлығы 15,1 миллион га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар немесе олардың жалпы алаңының 95% жиналды, ал өткен жылы 14,5 миллион га немесе 91,5% жиналды.

Бөлісу:
Қазақстан Ауғанстанға бидай мен ұн жібереді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар